Рұқсаттар және хабарландырулар

Рұқсаттар және хабарландырулар
`
Шолу
Команда
Тәжірибе
Жарияланымдар

Маңызды байланыстар

Кез келген елде кейбір қызметтер тек рұқсат алған соң (лицензияларды қоса алғанда) немесе өкілетті мемлекеттік органға нақты бір жұмыс түрін бастағаны туралы хабарландыру берілген соң ғана іске кірісуі мүмкін. 

Көп жағдайда заңнама қызметі басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері үшін аса маңызды тәуекелдерді тудыратын кәсіпорындар үшін ең қатаң талаптар мен жауапкершілікті қажет етеді. Мысалы, Қазақстанда қауібі жоғары деңгейімен байланысты қызметті жүзеге асыру үшін бірінші санатты рұқсат ретінде қарастырылатын лицензия қажет. Лицензия болмаса, ең ауыр жазалар берілуі мүмкін. Оның ішінде айыппұлдардан бастап, лицензия жоқ кезеңінде түскен кірістерді, сондай-ақ құқық бұзушылық жасағаны үшін заттарды және (немесе) құралдарды (яғни, машиналар мен жабдықтарды) тәркілеуге әкеп соғады. Орташа қауіп деңгейімен байланысты қызмет үшін екінші санаттағы рұқсат қажет. Төмен деңгейдегі қауіппен байланысты әрекеттер үшін хабарландыру тәртібі енгізіледі. Қажетті Рұқсатсыз немесе хабарламасыз қызметті жүзеге асыру өте ауыр жазаға әкеп соғуы мүмкін.

Сондықтан, бизнесті бастамас бұрын, жоспарланған қызмет түрін жүзеге асыру үшін қандай рұқсаттар немесе хабарламалар қажет екенін анықтау керек.

Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнама басқа да көптеген жағдайларда да керек болады. 

Мысалы, рұқсатты (хабарламаны) талап ететін қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезінде немесе заңды тұлға рұқсатты (хабарламаны) талап ететін қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылған мүлкін иеліктен шығару кезінде ескерілуі тиіс. Мұндай жағдайларда заңнаманы және компания тап болған жағдайды мұқият талдау аясында ұтымды іс-қимыл жоспарын құру қажет.

GRATA International өз клиенттеріне келесі қызметтерді ұсынады:

  • Белгілеу және сертификаттау

  • Кәсіпорындарға рұқсат алу/мемлекеттік органдарға хабарламалар жіберу тәртібі бойынша қолдау қызметін көрсету;

  • Рұқсат алу және мемлекеттік органдарға хабарламалар жіберу мәселелері бойынша кеңес жұмыстары;

  • Мемлекеттік органның рұқсатын/хабарламасын талап ететін қызметті жүзеге асыруға келісім шарттар жасау;

  • Кәсіпорындар қызметінің рұқсаты мен хабарламалар туралы заңнамаға сай келуін бағалау мақсатында құқықтық сараптама (тиісті сараптама) жүргізу;

  • Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) заңнамасында көзделген тыйым салулар мен шектеулерге қатысты мәселелер бойынша кеңес беру;

  • Рұқсаттар/хабарламалар бойынша мәселелерге қатысты мемлекеттік органдармен даулы жағдайларды шешу перспективаларын бағалау;

  • Рұқсаттар/хабарламаларға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен дауларды шешу процесінде компаниялардың мүдделерін білдіру.

Тәжірибе
Қазіргі сәтте жазбалар жоқ

Жаңалықтар

Қазіргі сәтте жазбалар жоқ

Жарияланымдар

publication image

Legal alert: updates on measures against Covid-19 pandemic

publication image

COVID-19. Who can take advantage of credit vacations and how?

publication image

Doing Business in Kazakhstan

Оқиғалар

Қазіргі сәтте жазбалар жоқ
Видео
Қазіргі сәтте жазбалар жоқ