Қазіргі уақыттағы іскер қатынастарда келісімдердің көптеген түрлері қолданылады: қарапайым және стандарттан бастап күрделі деңгейге дейін. Мұқият құрылымдауды және тәуекелдерді азайту үшін әртүрлі құқықтық құралдарды пайдалануды талап ететін трансшекаралық түрлері де бар.
GRATA International заңгерлері бизнестің барлық түрлері үшін кез келген бизнес келісімдерін әзірлеуге маманданған. Біздің клиенттер бізге сенеді, өйткені біз жетік заң білімі мен клиенттің мүддесін қорғауды үлкен практикалық тәжірибемен біріктіреміз. Келісімшарттарды жасау және транзакцияларды құрылымдау кезінде біз клиенттердің бизнес-жобаларын іске асырудың барлық кезеңдерінде құқық жағынан қорғанысты қамтамасыз ету үшін кең ауқымды халықаралық тәжірибемізді қолданамыз.
Біз сатып алу және сату, жеткізу, қызмет көрсету, тасымалдау, жалға алу, комиссиялық және комиссиялық шарттарды, консорциумдық келісімдерді, франчайзинг келісімдерді тарату шарттарын, лизинг, қаржылық келісімдер мен несиелік келісімдерді, алдын ала келісімдер мен ниет туралы меморандумдарды және коммерциялық қызметтің барлық түрлерін әзірлейміз.
Біз клиенттерге кеңес береміз және күрделі транзакцияларды құруға атсалысамыз. Біз коммерциялық қызметтің белгілі бір түрлерінде (мысалы, FIDIC) қолданылатын келісімшарттардың жобаларын жасауға маманданғанбыз. Сатып алу рәсімдеріне қатысуға байланысты кеңес береміз, сондай-ақ соттарда клиенттер мүддесн қорғаймыз.
Біздің түрлі коммерциялық транзакцияларды құрылымдау саласындағы жобаларымыз The Legal 500, Chambers және Who's Who Legal сияқты көптеген рейтингтер атап өтті.
Қызметтер:
Дистрибьютерік келісімдер құру және жеткізу келісімшарттарын жасау;
Құрылыс мердігерлерінің келісімдерін жасау;
Мемлекеттік-жеке серіктестік саласында жобаларды жүзеге асыру аясында концессиялық және өзге келісімдер жасау;
Түрлі жылжымайтын мүлік объектілер түрін басқару және жалға алуға қатысты сатып алу және сату келісімдерін жасау;
Мүлік басқарушы компаниялардың, жер қойнауын пайдаланушылардың, телекоммуникация компанияларының, авиакомпаниялардың, ақпараттық компаниялардың, тауардың әртүрлі түрлерін өндірушілер мен жеткізушілердің және көптеген басқа компаниялардың қызметіне үлгілік келісімдер әзірлеу;
Лизинг келісімдерін құру және сондай келісімдерге қатысты кеңес беру;
Feedstock және offtake келісімдерін жасау;
Тасымалдауға қатысты келісімдер дайындау;
Сатып алу істеріне қатысу шеңберінде түрлі өнім түрлерін өндірушілер мен жеткізушілерге, жабдықтар мен көлік өндірушілеріне, сервистік компанияларға кеңес беру;
Коммерциялық келісімдердің барлық түрлерін жасау және оның ішінде жеткізу, қызмет көрсету, тасымалдау, жалға алу, комиссиялық және комиссиялық шарттарды, консорциум келісімдерін, франчайзинг, лизинг шарттарын, қаржылық келісімдерді және қарыз шарттарын, алдын ала келісімдер мен ниеттесу меморандумдарын және басқа барлық келісім түрлерін әзірлеу.
Due diligence процедуралары аясында коммерциялық келісімдерге талдау жасау.