Өнеркәсіп және сауда

Өнеркәсіп және сауда
`
Шолу
Команда
Тәжірибе
Жарияланымдар

Маңызды байланыстар

GRATA International заңгерлік фирмасы 30 жылдан бері экономиканың барша саласында халықаралық компаниялармен ынтымақтаса отырып, Еуразия аймағында табысты жұмыс жүргізуге жағдай жасап келеді. Біз өз клиенттерімізге заң жағынан қызметтердің толық спектрін ұсынамыз.

Көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын «Legal 500», «Cambers and Partners», «Who's Who Legal», «Best Lawyers» сияқты халықаралық басылымдарда жарияланатын рейтингтер растай алады.

Жиырма сегіз жылдан астам уақыт бойы өз клиенттерімізге заңды талаптарға сәйкес бизнесті жүргізу үшін жеке құқықтық шешімдерді ұсына отырып, біз өнеркәсіп және сауда саласындағы бизнесті ұйымдастыру және құқықтық қолдау бойынша бірегей тәжірибемізді дамыттық. Заң қызметтеріне ең жақсы баға мен сапа арақатынасын ұсына отырып, жергілікті заңнама мен құқық қолдану тәжірибесін жетік білу бізге клиенттерге өз шығындарын бақылауға және ең тиімді кеңес алуға көмектесуге мүмкіндік береді.

Біздің компания жұмыс әдісін ерекшелендіретін серіктестік пен командалық рух, шығармашылық және энергияға ие. Үнемі өз-өзін жетілдіру, сондай-ақ табысқа жетуге деген тынымсыз ұмтылыс біздің компанияның даму стратегиясының кілті. GRATA International мамандарынан тұратын команда кез келген күрделі істі, құқықтық мәселелерді тез және кәсіби түрде шешу бойынша үлкен тәжірибеге ие. Командамыз 250-ден астам жоғары білікті заңгерлерден тұрады.

 

Біздің компания өз клиенттеріне келесі бағыттар бойынша қызметтерді ұсынады:

Корпоративті құқық: 

  • Корпоративті құрылымдау.

  • Монополияға қарсы заңнама мәселелері бойынша кеңес беру.

  • Бәсекелестікті шектейтін немесе шектеуі мүмкін шарттар мен басқа да құжат талаптары бойынша монополияға қарсы органнан алдын ала келісім алу мәселелері бойынша кеңес беру.

  • Монополияға қарсы заңнама мен салық органдарының талаптарын ескере отырып, контрагенттерді таңдау саясатын, сондай-ақ коммерциялық саясатын әзірлеу/талдау.

  • Компанияларды/активтерді сатып алу және сату кезіндегі құқықтық баға беру.

  • Бірігу мен қосылуды құқықтық жағынна толық қамтамасыз ету.

Коммерциялық құқық

  • Дистрибьютерлік келісім, сатып алу-сату шарттарын, агенттік келісімдерді, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге арналған шарттарды және басқа да келісімдерді әзірлеу және талдау.

  • Ықтимал дистрибьюторлар/дилерлер немесе басқа контрагенттерге құқықтық баға беру

  • Белгілі бір тауарлардың импорты мен айналымына қойылатын талаптар мен шектеулерге қатысты кеңес беру.

  • Жарнама, маркетинг, демеушілік және басқа да қызмет түрлері бойынша кеңес беру.

  • Өнімді белгілеу және қаптау мәселелері бойынша кеңес беру.

Еңбек құқықтары

  • Кадрлық істер бойынша аудит жүргізу.

  • Кадрлық құжаттаманы әзірлеу.

  • Шетелден жұмыс күшін тарту мәселелері бойынша кеңес беру.

  • Еңбек қатынастарын тоқтату бойынша кеңес беру.

  • Еңбек заңнамасын сақтауға қатысты ақыл-кеңес беру.

Рұқсаттар мен хабарландырулар

  • Белгілеу және сертификаттау

  • Компаниялар үшін рұқсат алу/мемлекеттік органдарға хабарламалар жіберу тәртібіне қолдау көрсету

  • Рұқсат алу және мемлекеттік органдарға хабарламалар жіберу мәселелері бойынша кеңес беру

  • Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) заңнамасында көзделген тыйымдар мен шектеулерге қатысты мәселелер бойынша кеңес беру;

  • Рұқсаттар/хабарламаларға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен даулы мәселелерді шешу процесінде компаниялардың мүдделерін қорғау.

Компанияны тіркеу

  • Құрылтай құжаттарын дайындау

  • Заңды тұлғаларды тіркеу, филиалдар мен өкілдіктер ашу

  • Құрытай құжатына өзгерістер мен қосымшалар енгізу

Қаржы және бағалы қағаздар

  • Қаржы және валюталық реттеу.

  • Тікелей шетел инвестициялары.

  • Қаржылай лизинг.

  • Қарызды қайта құрылымдау.

  • Банкроттық

Салық құқықтары

  • Салық тексерісі нәтижелеріне шағым түсіру.

  • Салыққа қатысты даулы мәселелер.

  • Корпоратив салық салу және салық жоспары.

  • Салық есебіне құқықтық сараптама (салық тексерісі).

  • Қосылған құн салығын қайтару.

Сотқа қатысты даулы мәселелер

  • Мемлекеттік соттардағы сот ісін жүргізу.

  • Халықаралық арбитраж.

  • Қазақстандық соттардың шешімдерін орындау.

  • Шетелдік арбитраж шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету.

  • Мемлекеттік органдардың тексерулеріне қолдау көрсету.

Кедендік құқық

  • Кедендік реттеу мәселелері бойынша кеңес беру.

  • Кеден тексерулер ісінде қадағалау.

  • Кеден органдарының тексеру нәтижелеріне шағым жасау.

  • Кедендік даулы мәселелер.

  • Кеден құжаттамасына құқықтық сараптамасы (кедендік аудит).

Лицензиялар мен рұқсаттар

  • Лицензиялау ісі бойынша кеңес беру.

  • Лицензиялар алу және қайта ресімдеу істері.

  • Рұқсаттама құжаттарын алу, рұқсат беру мәселелері бойынша кеңес беру.

  • Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бойынша кеңес беру.

Зияткерлік меншік

  • Зияткерлік меншік құқықтарын сотқа дейінгі қорғау істері.

  • Зияткерлік меншік иесінің құқықтарын тіркеу.

  • Зияткерлік меншік құқықтарына қатысты даулы мәселелер.



Рекомендации

Тәжірибе
Қазіргі сәтте жазбалар жоқ

Жаңалықтар

Қазіргі сәтте жазбалар жоқ

Жарияланымдар

publication image

Казахстан. Предстоящие поправки к НДС для товаров и услуг, поставляемых в электронной форме.

publication image

Changes to the Labour Code of Kazakhstan Regarding Outstaffing Issues

publication image

Legal alert: Mongolia acceded to the Asia Pacific trade agreement

Оқиғалар

Қазіргі сәтте жазбалар жоқ
Видео
Қазіргі сәтте жазбалар жоқ