Тәжірибелі кәсіби мамандар

Біздің өз ісін жетік меңгерген командамызға қосылыңыз

GRATA International -  Орта Азиядағы жылдам дамып келе жатқан ірі заңгерлік фирма. 32 жылдан бері өз саласындағы үздік мамандар құқықтық кеңес беру жағынан қызметтерін ұсынып келеді. Біздің команда әлемнің 22 елінде 220 заңгерді қамтиды. Сонымен қатар, бас кеңесеміз Алматы қ,. Қазақстан - Еуразияның жүрегінде орналасқан. Корпоративтік мәдениетті әртүрлендіре отырып, GRATA International бүкіл Еуропа және Азия бойынша, Лондоннан Бейжіңге дейінгі кеңселерінде құқықтық қызмет ұсынады. 

Біз сізді Legal500, Chambers and Partners, Asialaw Profiles сияқты жетекші халықаралық заң рейтингтеріне кіретін GRATA International үздік заңгерлер командасына қосылуға шақырамыз. Біз заң нарығында біздің ынта-жігеріміз бен амбицияларымызға ортақы, жоғары білікті мамандарды шақыра отырып, бүкіл әлем бойынша өз командамызды үнемі кеңейтеміз.

.

Халықаралық командаға қосылыңыз

GRATA International әр қызметкерінің жеке машықтары мен потенциалын дамытуға баса назар аударады. Сол себепті түрлі салаларда жұмыс ұсына отырып, қызметкерлердің  дағдысы, дарыны мен қабілетін дамытуға тырысамыз. 

Тәжірибелі маман ретінде сіз түрлі жобаларда жұмыс істейтін көрнекті халықаралық заңгерлер командасына қосыла аласыз. Сіз жергілікті және халықаралық істерде тәжірибе жинақтайтын команданың бір бөлігі боласыз, сонымен қатар басқа елдердегі әріптестеріңізбен халықаралық жобаларға қатысасыз.

Біз кімді іздейміз: 

  • Бакалавр деңгейін үздік аяқтағанын растайтын дипломы бар;

  • өзінің академиялық жетістіктері бойынша үздік 10% қатарына кіретін;

  • халықаралық заңгерлік фирмада жұмыс тәжірибесі бар;

  • ағылшын тілінде еркін сөйлей алатын. 

GRATA International-де мамандарды жұмысқа алу процесі сұхбаттасу, нақты кейстерді талдау негізінде жүзеге асады. Бізге сай келетін үміткер таңдалған саладағы бизнесін әлемінің кейстерін ажырата алуы тиіс. Біз  қиын жағдайдан сенімді түрде жола таба алатын және команда жұмыс істеуге қабілетті, проблемаларды шеше алу дағдысы бар және заң жағынан білікті мамандарды іздейміз.

Ықпалдасу

GRATA International өз тәжірибесін бөлісуге дайын мамандарды біздің заңгерлер желісіне біріктіруге тырысамыз. Біз клиенттердің кез келген деңгейдегі күрделі мәселесін шешуге қабілетті мамандар командасын жинақтаймыз

Кәсіби даму

Біз креатив пен инновациялық әдістерге қолдау көрсетеміз және заңның жаңа салалар мен индустрияларға тереңірек енуге және оларды жергілікті деңгейде дамытуға ұмтылатын заңгерлерге толық қолдау көрсетеміз.

Мансап жағынан өсу

Біз команда мүшелерінің машықтары мен құзыретінің дамуына ерекше ықыласпен назар аударамыз. Сондай-ақ, заңгерлеріміз өзінің дағдыларына барынша сай келетін салалар тобы мен тәжірибе саласын табуға көмексететін орта қалыптастыруға тырысамыз. Нарықтағы 27 жыл ішінде GRATA бірнеше білікті заңгерлер буынан тәрбиелеп шығарды.

Казахстан
Өңірді таңдаңыз
Монгол
Казахстан
Грузия
Өзбекстан
Кеңсені таңдаңыз
Кеңсені таңдаңыз
Ақтау
Ақтөбе
Алматы
Астана
Қарағанда
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Петропавл
Жамбыл
Талдықорған
Орал
Өскемен
Экономика саласы
Экономика саласы
Мамандану саласы
Мамандану саласы