GRATA International фирмасының Банк және қаржы саласында жұмыс істейтін командасы Еуразия аймағындағы ең беделділерінің бірі және қаржыландыру, синдикаттық несиелендіру, жобаларды қаржыландыру, қарыз капиталының нарықтары және қаржылық операциялардың басқа түрлері саласындағы көшбасшысы болып саналады.
Жылдам дамып келе жатқан жаһандық банк ісі және қаржы тәжірибесі 40-тан астам заңгерден құралған. Команданың көпшілігі Ұлыбритания, АҚШ немесе басқа ірі батыс университеттерінің заң саласындағы екінші дәрежесіне ие. Біздің мамандар әлемнің 20-дан астам еліндегі GI кеңселерінде орналасқан.
Біздің тәжірибемізде ТМД елдерінің қаржы нарықтарында несие берушілерге де, қарыз алушыларға да ақыл кеңес беру істері кездеседі. Біз несие беруші мен қарыз алушылар үшін заң кеңесшілерінің алдында тұрған қиындықтарды толықтай білеміз және келіссөздер жүргізудің ең қиын мәселелерімен және келісуші тараптардың қай жерде ымыраға келуге болатынын жақсы түсінеміз. Міндеттемелер жиынтығына, кредиторлар аралық келісімдерге, мүмкін болатын кепілдікке және қаржылық операциялардың басқа да шарттарына қатысты «нарықтық тәжірибе» жайлы толық ақпаратымыз бар. Біз өз білімімізді клиенттеріміздің қажеттіліктерін қанағаттандыру және мақсатына жету үшін ең тиімді шарттар мен келіссөздер үшін пайдаланамыз.
Біздің мақсатымыз – Еуразия аймағындағы заң қызметтері нарығында жетекші қаржылай тәжірибе өкіліне айналу. Банк ісі және қаржы тәжірибесі үшін бұл, басқалармен қатар, банк секторы мен капитал нарықтарын құқықтық қолдаудың жаңа жоғары стандарттарын белгілеуді, клиенттеріміздің қажеттіліктерін бақылауды және оларға жетекші орынға қол жеткізуге көмектесетін арнайы заң шешімдерін ұсынуды білдіреді.
Құқықтық қызметтер көрсетуде ақшаның құнына өте жақсы баға бере білу және Еуразиялық аймақ елдерінің жергілікті мәдениетін түсіну біздің күшті құрылымдарымыздың бірі болып табылады.
GRATA International мамандарының біліміне және компанияның отыз жылдан астам тәжірибесіне сенетін экономиканың әртүрлі секторларының жергілікті және халықаралық банктері бар екенін мақтан тұтамыз.
GRATA International банк ісі және қаржы тәжірибесі жағынан аймақтағы қаржылық реттеушілермен, сондай-ақ жергілікті және халықаралық қор биржаларымен, инвестициялық банктермен, халықаралық заң фирмаларына кеңестер беру бойынша тиімді ынтымақтастық орнатты. Бұл бізге клиенттеріміздің мәселесін шешу бойынша ең жақсы шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді.
Қызметтер:
Активтерді қаржыландыру және лизинг жасау;
Банктік және корпоративтік несиелер;
Қарыз капиталының нарықтары;
Қарызды қайта құрылымдау және банкроттық;
Туынды және құрылымдық қаржы;
Қаржылық қызметтерді реттеу;
Қаржылай технология және цифрлық құқық;
Сақтандыру ісі;
ислами қаржыландыру;
Қаржы секторындағы бірігулер мен қосылулар;
Жобаны қаржыландыру және МЖС;
жылжымайтын мүлікті қаржыландыру;
Синдикатталған несиелеу.