Транспорт

Транспорт
`
Шолу
Команда
Тәжірибе
Жарияланымдар

Маңызды байланыстар

GRATA International транспорт департаментінің командасы Қазақстан, Орта Азия және ТМД аумағында көлік саласындағы жобаларды жүзеге асыру бойынша бірегей тәжірибеге ие заңгерлер басын біріктіреді.

Көлік саласындағы жобаларды құқықтық қамтамасыз ету заңнаманы және салалық сипаттарды жетік білуді және үлкен тәжірибені қажет етеді. Біздің клиенттер бізге сенім білдіреді. Өйткені біз практикалық шешімдерді табу жолдарын білеміз және үнемі мүмкіндігінше клиенттерімізге тиімді болуға тырысамыз. 

Жиырмаға жуық елде кеңселеріміздің болуы бізге тағы да артықшылық береді. Бұл күрделі трансшекаралық жобаларды сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік сыйлайды.

29 жыл бойы біз әуе, теміржол компанияларына, логистикалық ұйымдарға, әуежайлар, тасымалдаушылар, көлік техникасы мен көлік құралдарын өндірушілер, инвестициялық компаниялар мен банктерге, қаржылық және авиациялық кеңесшілерге, мобильді қызметтер мен сервистік агрегаторларға 

Еуразиядағы жобаларды жүзеге асыруға көмектесіп келеміз. Біз реттеу және бизнесті құрылымдау, активтерді сатып алу, сақтандыру, инфрақұрылымдық құрылыс, қаржыландыру, активтерді сатып алу, бірігу және қосылу, салық салу, оның ішінде халықаралық салаларда кеңес береміз, сондай-ақ коммерциялық даулар бойынша клиенттердің құқығын тиімді қорғаймыз.

GRATA International қызметтерінің жоғары сапасы The Legal 500 және Asialaw Profiles сияқты беделді халықаралық басылымдардың рейтингісі және клиенттеріміздің сенімі растап келеді.

Біз не ұсынамыз: 

  • көлік жобаларын құқықтық құрылымдау;

  • лицензиялар, рұқсаттар мен келісулер және қызметті заңнамалық реттеу саласындағы кеңестер;

  • коммерциялық келісімшарттардың бүкіл түрін әзірлеу;

  • салық, экологиялық, корпоративтік, еңбек және көлік саласындағы қызметке байланысты басқа да құқық салалар бойынша кеңес беру;

  • компанияларды біріктіру, және сатып алу саласындағы жобаларға құқықтық қолдау көрсету;

  • жобаны қаржыландыру және МЖC;

  • сотта мүдделерін білдіру;

  • банкроттық және қайта құрылымдау және басқа да көптеген қызметтер.


Брошюра:


Рекомендации

Тәжірибе
Қазіргі сәтте жазбалар жоқ

Жаңалықтар

Қазіргі сәтте жазбалар жоқ

Жарияланымдар

publication image

Changes to the Labour Code of Kazakhstan Regarding Outstaffing Issues

publication image

Will gas tariff become the dealbreaker for the Eurasian Economic Union?

publication image

Railway transportation regulation of Mongolia

Оқиғалар

Қазіргі сәтте жазбалар жоқ
Видео
Қазіргі сәтте жазбалар жоқ