Әкімшілік қызметкерлер

Біздің бірінші дәрежелі командамызға қосылыңыздар

GRATA International компаниясында заңгерлер ғана ең жалғыз құнды актив емес. Біз командамыздағы әкімшілік қызметтерді атқаратын ынталы және еңбекқор кәсіпқой мамандарды жоғары бағалаймыз. Маркетинг, кадрлар, бухгалтерлік есеп және биллинг саласындғы мамандар заңгерлер дұрыс жұмыс істеуі үшін толықтай қолдау көрсетеді.

Клиенттерге талантты және тәжірибелі мамандар командасы қызмет көрсетеді. Біз клиенттеріміздің көңілінен шығып, олар күткен сервистен де жоғары деңгейде қызмет көрсетуге бағытталғанбыз. GRATA International мамандары фирма ішінде және біздің клиенттер үшін де сапалы қызметтер мен қажетті шешімдерді ұсынуға ұмтылады.

Біз түрлі ел мен мәдениет өкілі саналатын әріптестер және клиенттермен жұмыс істеуге ынталы, фирманың үздік дамуына үлес қосқысы келетін үміткерлерді іздейміз.

Біздің ғаламдық командамызға қосылыңыз

Біз кеңселерімізбен халықаралық деңгейде жұмыс істеуге мүдделі мамандарды бүкіл әлем бойынша іздейміз.

Әкімшілік қызмет қатарына кеңсе әкімшілігі, есеп айырысу, маркетинг, бухгалтерлік есеп, IT және веб-бағдарламалау бөлімдері кіреді. Әр бөлім әртүрлі елдердегі кеңселерде қызметтердің кең спектрін ұсынады.

GRATA International кәсіби даму, білімді басқару және қолдау көрсететін корпоративтік мәдениет арқылы дарынды және тәжірибелі мамандарға қолдау көрсетеді.

Біздің жаңашыл және креативті көзқарастары бар әкімшілік қызметтер командасына қосылу үшін өз саласын жетік меңгерген және өзін-өзі ынталандыратын адамдарды іздейміз. 

Біздің команда мүшесі ретінде сіз шешім қабылдауға көмектесе отырып, өз саласының ең білікті адамдарымен жұмыс жасайсыз.

Біз сізді келесі бөлімдердің қызметкерлері ретінде халықаралық командамыздың бір бөлігі болуға шақырамыз:

  • Адам ресурстары

  • Биллинг

  • Кеңсе әкімшілігі

  • Маркетинг

  • Бухгалтерлік есеп

  • IT және веб-бағдарламалар

Біз құнды және инновациялық идеяларды әкелуге дайын және үздіксіз дамуға ұмтылатын үміткерлерді іздейміз.

Әртүрлілік

Біз адамдардағы көп салалықты бағалаймыз және дарынды және ерекше тұлғалардың өсуі үшін қолдау көрсететін корпоративтік мәдениетті дамытуға тырысамыз.

Құқықтарды кеңейту және мүмкіндіктер

Біз GRATA International жұмыс уақытында команда өкілдеріне креатив пен инновацияны ілгерілетуге және бастама көтеруге мүмкіндік береміз.

Корпоратив мәдениет

Корпоратив мәдениеті ұжымдық жұмысты дамытуға, дарын мен шеберлікті тәрбиелеуге бағытталған. Біздің әкімшілік командамыз бірлесе  жұмыс істей отырып, клиенттеріміз үшін ең үздік қызмет ұсынуға толықтай дайын.

Өңірді таңдаңыз
Өңірді таңдаңыз
Монгол
Казахстан
Грузия
Өзбекстан
Кеңсені таңдаңыз
Кеңсені таңдаңыз
Экономика саласы
Экономика саласы
Мамандану саласы
Мамандану саласы