GRATA International әр жылда жас және жоғары амбициясы бар мамандарға арнап көптеген бос жұмыс орындарын ашады. GRATA International сізге өзінің жылдам дамып келе жатқан заңгерлік фирмасының әлем бойынша 29 кеңсесінің бірінде заңгерлік мансабыңызды бастау мүмкіндігін береді.
Біз заң саласында жоғары академиялық білімі бар және консалтингге қызғатын жас мамандарға бос жұмыс орындарын ұсынамыз. Бастауыш мамандарда нақты жобалар мен күрделі тапсырмалар аясында жұмыс істеу мүмкіндігі. Біз жас мамандарды әртүрлі деңгейдегі күрделі жобаларға шақыра отырып, барлық қызметкерлерімізді кәсіби білім алуын қолдаймыз.
Халықаралық командаға қосылыңыздар
Біздің компаниядағы Жастар саясаты заң саласындағы мансапты бастауға көмектесу мақсатында дүние жүзіндегі дарынды мамандармен тығыз жұмыс істейді. Grata International өз мансабын жас түлек кезінен бастап, тәжірибелі заңгер дәрежесіне дейін жеткен мамандар тарихына бай компания.
GRATA International қызметкерлерді басқару жүйесінің қозғаушы күші ретінде Жастар саясатына баса назар аударады. GRATA International-да, амбициясы жоғары, еңбекқор және техникалық жағынан толықтай қамтылған жас мамандар жұмыс атқарады.
Біз дарынды жас заңгерлерді фирмамызға қосылып, жаңа белестерге шығуға шақырамыз. Біз жоғары академиялық білімі мен кәсіпкерлік ойлау қабілеті бар және амбициясы жоғары әрі өзін дамытқысы келетін мамандарды іздейміз.
GRATA International-да біз сізді Еуропа мен азиялық ең ірі компанияларды жергілікті және халықаралық клиенттерге арналған ең ірі және ең күрделі жобаларда жұмыс істейтін жоғары санатты кәсіпқойлар тобына қосылуға шақырамыз.
GRATA International екінші, үшінші және соңғы курстағы студенттерге арнап жазғы тағлымдамалар өткізеді.
Біз тағылымдамадан өту бағдарламалары мен жоспарларын әр жас маманға арнап дербес дайындаймыз. Тағлымдамаға қатысатын барша жас мамандар нақты шынайы жобаларға қатысып, өз саласында үздік заңгерлермен бір командада жұмыс істейді. Тағылымдамадан сәтті өткеннен кейін, ең перспективалы және талантты жас мамандар оқуды бітіргеннен кейін әлемдік деңгейдегі командаға шақырту алады.
Өзін дамытқысы келетін және кәсіби деңгейде өсуді қалайтын жас мамандарға белсенді түрде көмектесеміз. Біз жұмысқа тұрақты қызметкерлер жиынын, кері байланыс сессияларын, тәлімгерлік және ротация бағдарламаларын енгіздік. GRATA-да біз қызметкерлерді ынталандырудың және дамытудың соңғы әдістерін, соның ішінде коучинг пен мақсат қоюды қолданамыз
Жас мамандар кәсіпқой заңгерлер және серіктестермен бір командада жұмыс істеп, халықаралық жобаларға қатысады. Белгілі бір жобада жұмыс істеу арқылы жаңа қызметкерлер тәжірибелі әріптестерінен баға жетпес тәжірибе алуға мүмкіндік береді. GRATA International-да бірлескен жобалар кезінде командалық рухты дамытамыз.