Ержанның құрылыс және инфрақұрылым, жылжымайтын мүлік, телекоммуникация саласында мол тәжірибесі бар. GRATA International келгенге дейін ҚР Инвестициялық қор жүйесінде жұмыс істеген. Ірі девелоперлік компания мен халықаралық заң фирмаларында еңбек еткен.
Ержан соңғы жылдары Қазақстанда жүзеге асырылған бірқатар маңызды инфрақұрылымдық жобаларда кеңесшісі қызметкен атқарды. 2011 жылы өткен Азия ойындарына дайындық аясында Қазақстанның ең ірі тау шаңғысы курортын қайта құру жобасының заң қызметін басқарды; жалпы құны 700 миллион АҚШ долларын құрайтын Қазақстандағы ең ірі энергетикалық кәсіпорынды қайта құру жобасында жұмыс істейтін кеңесшілер тобын басшылық етті; сондай-ақ жалпы шағым құны шамамен 70 миллион АҚШ долларын құрайтын бірнеше сот процестерінде ең ірі қазақстандық құрылыс компаниясының өкілі болып кеңесшілер тобына жетекшілік етті. Сондай-ақ Ержан Қазақстанда Uber сервисін іске қосуды құқықтық қамтамасыз ету жобасын иелік етіп, Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы мен басқару жөніндегі тендердің екінші кезеңінде испан, француз және түрік компанияларының консорциумының мүддесін қорғады. (ҮААЖ), оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен концессия шарты бойынша келіссөздерге қатысты.
Білімі:
Ержан Қазақ заң-гуманитарлық университетін 2004 жылы аяқтаған. 2002-2003 жылдары Еуропалық құқық және экономикалық зерттеулер орталығында корпоративтік құқық бойынша білім алды.
2023 - LLM, Кембридж Университеті, Ұлыбритания
Марапаттары:
The Legal 500: 2017, 2018, 2019, 2020, 2021, 2022 (Қазақстандағы жылжымайтын мүлік және құрылыс саласындағы жетекші тәжірибе (Tier 1), жетекші заңгер, Top tier);
Asia Law Profiles 2014-2017 («Құрылыс және жылжымайтын мүлік» және «Энергетика» салаларындағы жетекші заңгер»);
Asia Law Profiles 2019-2022 (жетекші заңгер, құрылыс және инфрақұрылым саласындағы көрнекті сарапшы);
China Business Law Awards 2015 («Үздік тәжірибе – энергетика, жобалар және инфрақұрылым»);
Who's Who Legal 2017, 2018 («Жылжымайтын мүлік саласындағы жетекші заңгер»).
Who's Who Legal 2019 (Ұсынылатын заңгер).
Who's Who Legal 2021 (Жылжымайтын мүлік бойынша “Білікті заңгер”).
Тілдер:
Ағылшын тілі
Орыс тілі
Қазақ тілі
Ержан EPC келісім-шарттарына қатысты жылжымайтын мүлікке инвестицияларға және құрылысқа рұқсат алу секілді бірқатар мақалалардың авторы. Ол үнемі Дүниежүзілік банктің бизнес сауалнамаларына, соның ішінде Қазақстандағы құрылысқа рұқсат алу және жылжымайтын мүлікті тіркеу сияқты сауалнамаларға пікір білдіреді. Ол 2016 жылы Дүниежүзілік әділет жобасының «Rule of Law Index 2016» шолуына қатысты өз пікірін берген. 2016 жылы Ержан UK Construction Law Journal журналы үшін Қазақстанда FIDIC келісім-шарттарын қолданудың практикалық аспектілеріне қатысты пікірін білдірген. Asia Business Law Journal үшін – «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында Қазақстанда құрылыс жобаларын жүзеге асыру мәселелері; Сондай-ақ China Business Law Journal үшін Қазақстандағы жылжымайтын мүлікке Қытай инвестициясының құқықтық аспектілері туралы пікірін айтқан.
Head of the practice Yerzhan Yessimkhanov, was recognised as a Leading Individual for his work in advising global and local construction, infrastructure, telecoms, transport, and energy companies on complex projects in the region
Yerzhan Yessimkhanov is recommended lawyer