Кедендік құқық, халықаралық сауда және ДСҰ

Кедендік құқық, халықаралық сауда және ДСҰ
`
Шолу
Команда
Тәжірибе
Жарияланымдар

Маңызды байланыстар

Халықаралық сауда клиенттеріміздің экономикалық қызметінің ажырамас бөлігі саналады. Халықаралық сауда құқығы компаниялар арасындағы құпия келісім-шарттық келіссөздерден бастап трансшекаралық сауданы реттейтін үкіметтік заңдарға, Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) мен Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) халықаралық келісімдеріне және т.б. мәселелердің кең ауқымын қамтиды.

Жалпы халықаралық сауданың дамуы және Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Кедендік одақ аясындағы интеграция бағытындағы іс-шаралар компанияларға жаңа бизнес мүмкіндіктерін беріп, олардың алдына жаңа міндеттер қойды. 

Тәжірибеміз көрсеткендей, бизнеске «жаңа» тосқауыл әрі қиындық кеден заңнамасының нормаларын түсіну және практикада қолдану және оның талаптарын сақтау қажеттілігі туындап тұр.

Соңғы өзгерістерді, даму перспективаларын білу, сондай-ақ кеден заңнамасының үнемі өзгеріп отыратын талаптарына уақтылы бейімделу компанияның сыртқы сауда қызметін табысты жүзеге асыру мен кедендік ресімдеу барысында салықтар мен кедендік төлемдерді төлеумен байланысты қауіптерді азайтудың қажетті шарты.

Біздің заңгерлер тауарларды импорттау немесе экспорттау кезінде кедендік және келісімшарттарды реттеу, валюталық бақылау және зияткерлік меншік мәселелеріне қатысты мәселелерді тиімді шешуге көмек қолын соза алады.

Grata-ның халықаралық сауда-құқықтық тәжірибесі Қазақстанның 2015 жылғы 30 қарашада ДСҰ-ның толыққанды мүшесі ретінде танылуы және 2015 жылғы 1 қаңтарда ЕАЭО құру туралы шарттың күшіне енуі аясында клиенттеріміздің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолайлы көмек бола алады.

Бүгінгі таңда біз клиенттеріміздің трансұлттық жобаларын барынша тиімді жүзеге асыру және Қазақстанның кеден және басқа да мемлекеттік органдарымен қақтығыстар қаупін азайту үшін халықаралық сауда құқығы саласында жоғары сапалы заңгелік кеңес береміз.

GRATA заңгерлері кедендік және валюталық реттеудің барлық аспектілерін жақсы меңгерген. Біздің тәжірибеміз бен құзыретіміз клиенттерімізге өз компанияларының қызметіндегі ықтимал қауіптерді уақтылы анықтауға және олардың сыртқы экономикалық қызметін оңтайландыруға көмектеседі.

Біз әлемдегі ең үздік халықаралық заң фирмаларымен және ДСҰ құқық саласындағы сарапшылармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейміз.

GRATA бұдан бөлек, ДСҰ құқығы және халықаралық сауда мәселелері бойынша заңгерлік қызметтердің келесі түрлерін ұсынады:

  • Біз бизнеске жаңа сыртқы нарықтарды игеру және халықаралық саудадағы кедергілермен күресу бойынша кеңес береміз;

  • Біз халықаралық экономикалық шарттарға, сондай-ақ бизнес үшін артықшылықтар мен тәуекелдер контекстінде Қазақстанның халықаралық сауда ұйымдары мен өңірлік бірлестіктердің мүшесі ретіндегі міндеттемелеріне сараптамалық талдау жүргіземіз;

  • Біз клиенттерге Қазақстандағы және халықаралық соттар мен арбитраждарда, ЕАЭО сотында, Еуразиялық экономикалық

  • комиссияда (ЕЭК), сондай-ақ халықаралық сауда құқығы мәселелері бойынша әртүрлі халықаралық платформаларда;

  • Біз мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста клиенттердің мүдделерін білдіреміз және халықаралық сауда мәселелері бойынша заңнамалық қызметке қатысамыз;

  • Біз ДСҰ, ТМД және ЕАЭО шеңберінде қорғау тетіктерін пайдалана отырып, дауларды шешу перспективаларын бағалаймыз және осындай қорғау стратегиясын әзірлейміз;

  • АҚШ, ЕО және басқа елдердің ұлттық органдары жүргізетін демпингке қарсы, өтемақы және қорғау шараларын енгізуге байланысты тергеулерде қазақстандық клиенттердің мүдделерін білдіру;

  • шетелдік импорттаушы компанияларға Қазақстанның кеден құқығы мәселелері бойынша кеңес беру: Қазақстанның кедендік жіктемесі, тауарларды бағалау және шығару ережелері, жеңілдікті сауда режимдері және ЕАЭО сияқты еркін сауда аймақтары;

  • шетелдік импорттаушы компанияларға техникалық реттеу, санитарлық саласындағы қазақстандық заңнама бойынша кеңес беру

  • халықтың әл-ауқаты, азық-түлік қауіпсіздігі;

  • шетелдік импорттаушы компанияларға зияткерлік меншікті қорғау саласындағы қазақстандық заңнама бойынша кеңес беру;

  • қазақстандық клиенттерге экспорттық бақылау, эмбарго және экономикалық санкциялар қолданылатын елдерге тауарларды, қызметтерді және зияткерлік меншікті экспорттау бойынша кеңес беру;

  • мемлекеттердің ДСҰ нормаларын және басқа да сауда келісімдерін бұзуына байланысты туындайтын дауларда қазақстандық және шетелдік клиенттердің өкілдігі;

  • ДСҰ дауларды реттеу органдарында да, тиісті аймақтық және ұлттық органдарда да;

  • халықаралық сауда ережелерін, соның ішінде ДСҰ ережелерін пайдалана отырып, мәмілелерді құрылымдау, сондай-ақ өңірлік және екіжақты сауда келісімдерін жүргізу (дайындау);

  • экспорттық-импорттық мәмілелерді жасау бойынша клиенттерге кеңес беру.

Тәжірибе

Әзірбайжан

Беларусь

Казахстан

Қырғызстан

Украина

Марапаттар

Салалар

Қазіргі сәтте жазбалар жоқ

Мамандану салалары

Қазіргі сәтте жазбалар жоқ

Жаңалықтар

Қазіргі сәтте жазбалар жоқ

Жарияланымдар

publication image

Alert on the amendments in the Customs Code of the Republic of Kazakhstan

publication image

Alert. Enactment of the new rules on issue of accompanying notes was postponed

publication image

Alert on draft of amendments concerning special economic zones activity

Оқиғалар

Қазіргі сәтте жазбалар жоқ
Видео
Қазіргі сәтте жазбалар жоқ