GRATA International сот ісін жүргізу тәжірибесі кең ауқымды дауларды терең меңгерген және заң фирмасы жұмыс істейтін елдерде оларды шешуде әсерлі тәжірибесі бар кәсіпқойлар командасы бар.
Біздің заңгерлердің жұмысын халықаралық рейтингтер бірнеше рет мойындаған. Құқықтың түрлі салаларындағы жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Команда құрамында сот тәжірибесі бар заңгерлер мен халықаралық коммерциялық арбитраж институттарында қазіргі төрешілер де кездеседі. GRATA International Chambers Europe, Legal 500, Pravo-300 бойынша үздік заң фирмаларының бірі. Біздің клиенттеріміз қатарында жергілікті және трансұлттық фирмалар бар. Олар біздегі креативті, инновациялық көзқарасымыз, тұтынушылардың қажеттіліктерін түсінуіміз және оң нәтижелеріміз үшін бағалайды.
Біздің табысымыздың басты критерийі – клиенттеріміздің қауіпсіз және табысты бизнесі. Сондықтан, жобаңыздың ауқымына қарамастан, сіз жоғары сапалы заң қызметтерін ала аласыз.
Біздің қызметтер:
Коммерциялық даулы мәселелер;
Корпоративті даулы мәселелер;
Дебиторлық берешекті өндіріп алу;
Даулы мәселелерді сотқа дейін шешу;
Жалпы юрисдикциядағы соттарда және аралық (мемлекеттік коммерциялық) соттарда, төрелік талқылауда өкілдік ету;
Жосықсыз бәсекеге байланысты дауларды шешу кезінде монополияға қарсы органның алдында өкілдік ету;
Атқарушылық іс жүргізу процесінде құқықтық қамтамасыз ету;
Банкроттық, қайта құрылымдау және проблемалық активтермен мәміле жасау;
Борышкерлер активтерін іздестіру;
Шетелдік сот және арбитраж шешімдерін қабылдау және орындау;
Шетелде болып жатқан арбитраж талқылауларға байланысты уақытша шаралар қабылдау;
Мемлекеттік органдардың тексерулері кезінде құқықтық қамтамасыз ету;
Мемлекеттік органдарға қатысты даулы мәселелер;
Медиация.
Брошюры: