Бәсекелестік құқық

Бәсекелестік құқық
`
Шолу
Команда
Тәжірибе
Жарияланымдар

Маңызды байланыстар

Антимонополиялық практика - GRATA International қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Біздің заңгерлер бәсекелестік құқығы саласындағы танылған сарапшылар.

Фирманың антимонополиялық тәжірбиесі ерекше географиялық алуандылыққа ие. GRATA International 22 елдегі кеңселері трансшекаралық жобалар бойынша тығыз ынтымақтаса жұмыс істейді. Ал біздің Клиенттеріміз, яғни халықаралық компаниялар үлкен аймақтағы бірнеше елдерде бір уақытта антимонополиялық мәселелер бойынша қолдау алу мүмкіндігіне ие.

Біздің портфельде антимонополиялық тергеулер мен бәсекелестікке қатысты сот ісін жүргізуде біздің клиенттеріміздің мүддесін білдіретін ондаған істер бар. 

Тыйым салынған субсидиялар жағдайында Еуразиялық экономикалық комиссияның тергеп-тексеруінде Клиентіміздің мүддесін сәтті қорғау секілді сирек тәжірибе иесіміз.

GRATA International ірі халықаралық мәмілелер үшін экономикалық шоғырлануға ондаған келісімдер алды.

Біздің коммерциялық дистрибьюторлық және дилерлік келісім-шарттарды монополияға қарсы заңдарға сәйкестік тұрғысынан қарау бойынша үлкен тәжірибеміз бар.

Ірі трансұлттық корпорациялар өздерінің антимонополиялық тұрақты кеңесшісі ретінде GRATA International-ды таңдайтынын мақтанышпен айтамыз.

Қызметтер: 

  • Экономикалық шоғырлануға және келісілген әрекеттерге келісім алу;
  • Монополияға қарсы органның тексерулері мен тергеп-тексерулері, монополияға қарсы органның ұйғарымдарына шағым жасау кезінде Клиенттерге қолдау көрсету;
  • жосықсыз бәсеке, бәсекелестікке қарсы келісімдер және үстем жағдайды теріс пайдалану мәселелері бойынша кеңес беру;
  • Мемлекеттің көмегін алуға байланысты кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіру;
  • бәсекелестік сотта өкілдік ету;
  • Келісімшарттардың, саясаттардың және басқа да құжаттардың бәсекелестік заңнамасына сәйкестігін талдау;
  • Монополияға қарсы аудит және сәйкестік: қызметтің бәсекелестік заңнамасына сәйкестігін тексеру, ішкі құжаттарды әзірлеу, ішкі бақылау процедураларын енгізу, қызметкерлерді оқыту және т.б.;
  • Табиғи монополиялар және тарифтік реттеу мәселелері бойынша кеңес беру;
  • Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша кеңес беру;
  • Өнімді өндіру мен өткізуге байланысты бәсекелестік мәселелері бойынша кеңес беру;
  • Еуразиялық экономикалық одақтың монополияға қарсы заңнамасы бойынша кеңес беру;
  • Еуразиялық экономикалық комиссия қараған трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестік ережелерін бұзу туралы істер бойынша Клиенттердің мүдделерін білдіру;
  • Тыйым салынған субсидиялар бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияның тергеуінде Клиенттердің мүдделерін білдіру. 

Брошюра:


Рекомендации

Команда
Тәжірибе
Қазіргі сәтте жазбалар жоқ

Жаңалықтар

Қазіргі сәтте жазбалар жоқ

Жарияланымдар

publication image

Doing Business in Kazakhstan

publication image

Establishing a local company with foreign participation in the Kyrgyz Republic: specific features for the foreign founder

publication image

On State Registration of Legal Entities and Account Registration of Branches and Representative Offices

Оқиғалар

Қазіргі сәтте жазбалар жоқ
Видео
Қазіргі сәтте жазбалар жоқ