GRATA International жаһандық кеңесінің мүшесі
1995 жылы Айдар Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін үздік аяқтап, Қазақ Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Мемлекеттік институтта аспирантураға түсті (1995-1997 жж).
1997 жылдан бастап 1998 жылға дейін Айдар Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінде құқықтық мәселелер жөніндегі басшысы болып жұмыс істеді және 300-ден астам ірі инвестициялық келісімшарттарды дайындауға және оларға қол қойып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын қалыптастыруға қатысты.
1999-2001 жылдар аралығында Ұлыбритания мен АҚШ-тың жетекші халықаралық заң фирмаларында тағылымдамадан өтті. Ол сонымен қатар заң фирмасын басқару бойынша арнайы бағдарламалар мен тренингтерге қатысқан.
Айдар корпоративті құқық, коммерциялық және инвестициялық құқық, әсіресе табиғи ресурстар, энергетика және банк ісі салаларындағы құқық бағыты бойынша маманданған. Ол пайдалы қазбаларды пайдалану, экология, энергетика және инвестицияларды қорғау бойынша қазақстандық заңнаманы әзірлеуге белсенді қатысқан.
Айдар Коммерциялық заңгерлер палатасының (KazBar) және Қазақстан Республикасы мұнай және газ саласындағы заңгерлер қауымдастығының мүшесі.
Ол қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.