2024 жылдан басталатын, заңды тұлға басшылары, бизнес иелері және олардың жұбайлары үшін «Активтер мен міндеттемелер» туралы міндетті декларациялау.

2024 жылдан басталатын, заңды тұлға басшылары, бизнес иелері және олардың жұбайлары үшін «Активтер мен міндеттемелер» туралы міндетті декларациялау.

2024 жылы қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі енгізіледі. Оның шеңберінде "активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияны" заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары беруге міндетті.

Қазақстан Республикасының Үкіметі жеке және заңды тұлғалардың табыстары мен мүлкін тиімді бақылау жүйесін құру мақсатында, сондай-ақ көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу үшін жалпыға бірдей декларациялауды енгізу қажеттілігі туралы шешім қабылдады.

Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның 42-ші қадамы аясында Қазақстан Республикасында кірістер мен шығыстарды жалпыға бірдей салық декларациялауды жүргізу көзделген. Жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылдан бастап кезең-кезеңімен жүргізіледі.        

Декларацияда мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын, оның ішінде шетелде мүлікті сатып алу және/немесе сату, сыйға тарту, мұрагерлік бойынша алу туралы мәліметтер көрсетілуі қажет. Оларға, атап айтқанда, мыналар жатады:

  • жылжымайтын мүлік, оның ішінде жер учаскелері және / немесе жер үлестері;
  • жылжымалы мүлік: әуе және теңіз кемелері, автомобильдер, арнайы техника;
  • тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлестер;
  • заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі;
  • бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары, цифрлық активтер, криптовалюталар;
  • инвестициялық алтын, зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқық объектілері.

Бұдан басқа, нотариат куәландырған қарыз шарттары туралы мәліметтер міндетті түрде көрсетілуге тиіс. Бұл жағдайда несие берген құрылым немесе жеке тұлға да, оны алған адам да есеп беруі керек.

"Активтер мен міндеттемелер туралы Декларация" Декларациялау жүйесіне кірген күнге, яғни 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша жинақталған активтер мен міндеттемелерді тіркеу үшін ұсынылады. Бұл ретте уәкілетті органдарда тіркелген жылжымайтын мүлік және көлік құралдары туралы мәліметтерді декларацияда көрсетудің қажеті жоқ, өйткені бұл мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарында бар.

2024 жылғы "активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны" қағаз жеткізгіште ұсыну мерзімі - 2024 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей, электрондық жеткізгіште – 2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей берілуі тиіс.

Егер нақты әрекет болмаса

Аталған санаттағы адамдар үшін декларацияларды ұсыну бойынша міндеттеме кәсіпкер немесе заңды тұлға қызмет жүргізбеген жағдайда да туындайды. Қазақстанда заңды тұлғалар жалдамалы жұмыскерлерсіз немесе баланстық жылжымайтын мүліксіз қызмет жүргізетін практика кеңінен таралған. Бұл ретте, өз қызметін тоқтата отырып, заңды тұлғалар көбінесе заңды тұлғаны таратудың міндетті рәсімінен өтпеуді жөн көреді.          Алайда, заңнама тұрғысынан мұндай заңды тұлғалар тіркелген болып саналады, сондықтан олардың иелері 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсыруға міндетті.

Іс жүзінде кәсіпкерлік қызмет болмаған жағдайда, 2023 жылдың соңына дейін декларациялаудың III - кезеңінен босатуға көмектесетін келесі әрекеттерді жүргізу ұсынылады:

  • Егер заңды тұлға қызмет жүргізбесе, тұлғаны тарату туралы шешім қабылдап және заңды тұлғаны тарату рәсімінен өту қажет. Белгілі бір шарттарға сәйкес болған кезде заңды тұлға оңайлатылған тәртіппен, қалған жағдайларда салықтық тексеру жүргізу нәтижесінде таратылады.
  • Егер жеке тұлға заңды тұлғаның басшысы болып табылмаса, алайда заңды тұлғаның тіркеу деректері өзгертілмеген болса, Қазақстан Республикасы электрондық үкіметінің веб-порталында хабарлама беру арқылы немесе қолма-қол деректерді түзету қажет.

Әрекетсіз заңды тұлғалар басшыларының тізімімен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында танысуға болады.

Жауапкершілік

Декларацияны уақтылы ұсынбағаны үшін заңнамада бірінші жағдайда ескерту және бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда айыппұл қарастырылған. Айыппұл мөлшері 15 АЕК немесе 55 380 теңгені құрайды.

Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетілуге жататын, жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетілуге жататын, Қазақстаннан тыс жерлерде меншік құқығында мүліктің, сондай-ақ шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақшаның болуы туралы мәліметтерді декларацияда көрсетілмеу жолымен жасыруы 100 АЕК немесе 369 200 теңге мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Декларациялаудың IV кезеңі

Сондай – ақ, 2024 жылы алғаш рет тапсыру қажет болатын кірістер туралы декларацияның ресми түрде "активтер мен міндеттемелер туралы Декларация" деп аталатындығын түсіндіру қажет. Болашақта декларацияның осы нысанының орнына басқасын – "кірістер мен мүлік туралы декларацияны" тапсыру қажет болады.

Басқаша айтқанда, мемлекет мәлімдеген жалпыға бірдей декларация бір реттік емес, жыл сайынғы сипатта болады.

"Кірістер мен мүлік туралы декларацияны" қағаз жеткізгіште беру мерзімі 2025 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей, электрондық жеткізгіште - 2025 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей берілуі тиіс.

"Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) елдерімен қаржылық ақпаратты автоматты түрде алмасу туралы" құзыретті органдардың көпжақты келісімі шеңберінде Қазақстан Республикасы резиденттер мен бейрезиденттер болып танылатын қаржылық шоттары бойынша деректермен белсенді алмасады және талдайды.

Жалпыға бірдей декларациялаудың төртінші кезеңінің басынан бастап шетелдік активтері бар немесе шетелден табыс алатын Қазақстан Республикасының резиденттері, егер олар шетелде тұрса да, жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыруға және қазынаға салық төлеуге міндетті болады.

"Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 617 бұйрығына сәйкес, 2025 жылдан бастап декларацияны ұсынуға міндетті келесі тұлғалар:

  • тұруға ықтиярхаты бар адамдар;
  • Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
  • бейрезиденттер болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар, егер Декларация тапсырылған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша мына шарттардың бірі:
  • құқықтары және (немесе) мәмілелері Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлкі бар жеке тұлғалар;
  • Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі бар жеке тұлғалар....

Авторлары: GRATA International заң фирмасының заңгері Адильхан Зияшев; GRATA International заң фирмасының серіктесі Заира Сарсенова

Kazakhstan
Finance and SecuritiesFinance and SecuritiesFinance and Securities