Серіктес, Астанадағы GRATA басшысының орынбасары, аймақтық даму жөніндегі директор
Лия Акжанова құқық саласының түрлі бағыттарында ауқымды білімге ие. Лия GRATA заң фирмасына 2011 жылы келіп қосылды. Оған дейін Маңғыстау облысының кеме жасау зауыты мен “ЖӘРДЕМ” ЖШС сияқты ірі компанияларында бухгалтер және HR-менеджер қызметін атқарған. 2018 жылдың қазан айынан 2019 жылдың қазан айына дейін Халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтерін реттеу комитетінің корпоративтік хатшысы болып жұмыс істеді.
Білімі:
2000 - Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2007 – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, «Қаржы» мамандығын бітірген.
Тілдер:
Ағылшын тілі
Орыс тілі
Қазақ тілі