
Орал - Батыс Қазақстан облысының әкімшілік, өндірістік, тарихи және мәдени орталығы.
Қала Еуропа мен Азия шекарасында орналасқан және ежелден Азияның өзіне тән сауда есігін Еуропаға қарай ашып тұрғандай. Ұлы Жібек жолы тармақтарының бірі осы қалаға келіп тірелген. Қаланың географиялық тұрғыдан сәтті жерде орналасуы қазіргі күннің өзінде оның экономикалық дамуына септігін тигізіп отыр.
Еуропа, Ресей, Қытай, Түркия және басқа елдерден келетін тауарлық транспорт ағыны Орал арқылы өтеді. Ол өз кезеінде қаладағы өндірістік, сонымен қатар, шағын және орта бизнестің дамуына үлесін қосады.
Оралда жұмыс істеп тұрған өндіріс орындары республикадан тыс, шет елдерге де белгілі. Оралдағы «Зенит» зауытында Каспий теңізінің кеңістігінде жүзетін шекараны қорғауға және ел қорғанысына арналған кемелер құрастырылады. Өнеркәсіптің белгілі салаларының қатарында өртке қарсы және коммуналдық шаруашылық үшін арнайы техника шығаруға маманданған «Орал Агрореммаш» АҚ, мұнай мен газды өндіру мен тасымалдауға арналған жоғары технологиялық жабдықтар шығаратын ««Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы»» АҚ және басқа да көптеген кәсіпорындар бар.
Облыс экономикасы:1) Мұнай-газ өнеркәсібі: мұнай-газ өндіру;
2) Ауыл шаруашылығы, қатты бидай, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығы саласында 6,0 млрд теңгеге 4 инвестициялық жоба іске асырылып, 150-ге жуық жұмыс орны ашылды.
3) Машина жасау, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдары.
Қазіргі кезеңде өнеркәсіп өнімінің көлемі 80,8 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 113,1 пайызды құрады.
Өңірде шағын және орта бизнесті дамытудың, сондай-ақ өндірісті ынталандырудың тиімді құралдарының бірі – индустриялық аймақты салу жоспарда бар. Ол үшін Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округіне қарасты Пойма стансасы ауданында 281 гектар аумақты құрайтын өндірістік аймақтың орны белгіленді.
Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында шетел инвестициясымен жалпы құны 2,6 млрд АҚШ долларын құрайтын 11 жоба жүзеге асып жатыр.
Орал – өткені бай, болашағы зор, даму ықтималы мықты қала.
Байланыс үшін:
Жұмыс уақыты: 09:00-18:00
ТЕЛЕФОН: +7 701 702 5111
E-MAIL: atakeyeva@gratanet.com