
Жамбыл облысы ежелден химия, тау-кен және қайта өңдеу саласындағы кәсіпорындарымен таныма. Облыста фосфорит, алтын, түсті металдар өндіріледі және табиғи газ көздері бар.
Көп жылдық тарихы бар Тараз қаласы жылдам өсіп келеді: кәсіпкерліктің дамуы жаңа жұмыс орындарын ашады, экспорт-импорттық операциялар көлемі артып, жаңа шағын аудандар салынып жатыр. Аймақтың агро өнеркәсіп кешені де дамып келеді.
GRATA заң фирмасының өкілдігінен Тараз қаласы және облыстың кәсіпкерлері мен тұрғындары кез келген құқық саласындағы заңнама бойынша кеңес ала алады. Біздің заңгерлеріміз бизнесті ашу кезінде ғана емес, сонымен қатар халықаралық шарттарды әзірлеу мен жасау кезінде де көмектеседі және банктермен қарым-қатынас, салық төлеу, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тіркеу және басқа да көптеген мәселелер бойынша уақтылы кеңес береді. Біздің команда сот және басқа органдардағы өкілдікке қатысты кез келген тапсырмалардың дәл орындалуына кепілдік береді. Біз кәсіпкерлерге бір реттік қызмет көрсетіп қана қоймай, оларға тұрақты құқықтық қолдау көрсетуге дайынбыз.
Өкілдіктің жұмыс істеу принциптері:
жеделдік
даулы мәселелерді жан-жақты қарастыру
құпиялылықтың сақталуы
Байланыс үшін:
Жұмыс уақыты: 09:00-18:00
ТЕЛЕФОН: +7 701 702 5111
E-MAIL: matyshev@gratanet.com