GRATA International алаяқтық жағдайлары туралы ескертеді

GRATA International алаяқтық жағдайлары туралы ескертеді

Құрметті клиенттер,

Алаяқтық жағдайларының алдын алу мақсатында GRATA International заң фирмасы төмендегіні хабарлайды.

Қазіргі уақытта өзін GRATA International қызметкерлері ретінде таныстыратын белгісіз тұлғалар жалған түрде алаяқтық схемаларға салынған қаражатты немесе қарыздарды қайтару қызметтерін ұсынуда.

GRATA ресми сайтынан дизайн элементтерін, мәтін мен суреттерді рұқсатсыз көшіру нәтижесінде алаяқтар әрекет ететін жалған веб-сайттар жасалған. Сондай-ақ, олар әлеуметтік желілерде белсенді жарнама жүргізуде.

Осы арқылы хабарлаймыз: GRATA International заң фирмасы және оның барлық кеңселері жеке тұлғаларға жоғарыда көрсетілген қызметтерді ұсынбайды.

Егер сізде қандай да бір күмән туындаса немесе күдікті әрекеттерді байқасаңыз, құқық қорғау органдарына хабарласуыңызды ұсынамыз.

GRATA International заң фирмасы көрсететін қызметтер мен байланыс деректері туралы нақты ақпаратты біздің ресми веб-сайттан қараңыз: gratanet.com.

Global
Kazakhstan