29.06.2021

Шаймерден Чиканаев «Аiqyn» қазақстандық басылымына түсініктеме берді

Концессия: 15 жылда жалғыз жоба

Концессия – түбірі көну дегенді білдіретін латын сөзі. Мемлекеттің кейбір міндеттемелерін жекеменшік ортаға орындауға беруге келісуі, жол беруі дегенді меңзейді. Ал мақ­саты – жеке инвестордың қаржысының есебінен мем­лекеттік бюджетке түсетін салмақты азайту. Яғни, инвестиция тарту­дың бір тетігі, мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің (МЖӘ) бір түрі. Негізі, ауқымы одан кең болса да, Қазақстанда бұл механизм балабақша, мектеп сияқты әлеуметтік нысан­дарды салуға пайдаланып жүр. Осы есеппен алғанда елімізде МЖӘ бойынша бүгінге дейін 1 366 жоба қолға алынған. Оның 860-ымен шарт жасалған болса, 282-сі бойын­ша конкурс өтуде, 38-інің келісімшарты бұзылған. Тар­тылған және жоспар­ланған ин­вестициялардың жалпы сомасы – 1 182,6 миллиард теңге. Ендеше біз концессия мүмкіндігін толық пайдаланып отырмыз ба? Биыл 2 қаңтардан бастап «Концессия туралы» заңға кезекті өзгерістер күшіне енді. Ол экономикаға не бермек?

«Әлемде ең қалың инвести­циялық портфельдің бірі саналатын концессия механизмі Қазақстанда аса тартымды емес. Өйткені ол сәй­кес заңнамамен тым қатты рет­теледі, әрі жобаны жүзеге асыруда бюрократия күшті және келіссөздер мен мақұлдаудың өзі өте ұзақ уақыт алады. Осы реттен келгенде, бұл заң көп өзгерді. Мұндағы қа­тынастар баяу дамып келеді. Кон­цедент мәселесі де осы са­­наттан. Өйткені Үкімет пен әкімдік аза­маттық құқық субъектісі ретінде ешқандай да кепіл бола алмайды. Олардың балансында кепілге тұ­рарлық мүлкі мен бюджеті жоқ. Сондықтан келісім Қазақстанмен әлде облыспен (мегаполиспен) жасалады. Ал олардың атынан Үкі­мет немесе әкімдік өкілдік етеді. Бұл инвесторлардың талабы бола­тын», – дейді адвокат Шаймерден Чиканаев.

Толығырақ веб-сайттан →

Өңірлер
Байланыстар: Shaimerden Chikanayev
Орналасқан орны:
Almaty, Қазақстан
Әрқашан соңғы ақпаратты алу үшін жаңалықтар таратылымымызға жазылыңыз.: