

GRATA International компаниясымен бірге өз бизнесіңізді құрыңыз
ЭНДРЮ ГЭМБЛ, "GRATA INTERNATIONAL" ҚАУЫМДАСТЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫGRATA International 1990 жылдардың басында, елеулі саяси және экономикалық өзгерістер кезеңінде құрылды. Бұл жаңа әлем үшін жаңа заң фирмасы болды. Соңғы 30 жыл ішінде жаһандық экономика елдер арасындағы сауда мен интеграцияның арқасында өркендегендіктен, қазіргі бизнес бір елмен шектелмейді. Осыны ескеріп, GRATA International өз кеңселерін өз аймағының әр түрлі заңдар шеңберіндегі ең үздік заң фирмаларымен серіктестік құру арқылы ашты. GRATA International Шығыс Еуропадан Қиыр Шығысқа дейінгі барлық заңдар тұрғысынан сенімді іскерлік серіктес және заңгер кеңесші рөлін атқара отырып, өзара түсіністік, ынтымақтастық қағидаттарына және өзінің әрбір кеңсесінде қолданылатын жалпы озық стандарттарға арқа сүйейді. Кез-келген мәміледе GRATA International өзінің клиенттері үшін ойдағыдай нәтижеге қол жеткізу мақсатында жалпыға танымал ноу-хау идеяларды, құқықтық сараптаманы және барлық кеңселерінің зияткерлік ресурстарын қолданады".
Егер сіз GRATA International қауымдастығына қосылғыңыз келсе, сауалнаманы толтырыңыз, біз сізбен хабарласамыз.