

ыл сайын GRATA International жас мамандар мен талабы таудай тағылымдамашылар үшін көптеген бос жұмыс орындарын ашады. GRATA International өзінің заңгерлік мансабын бүкіл әлем бойынша 29 кеңсесі бар, қарқынды дамып келе жатқан халықаралық заң фирмасында бастау мүмкіндігін ұсынады.
Біз жоғары академиялық жетістіктері бар және консалтингке қызығушылық танытатын, кәсібін жаңадан бастаған заңгерлер үшін әр түрлі заң салаларында бос жұмыс орындарын ұсынамыз. Жаңадан бастаушылардың үлкен артықшылығы бар - нақты жобалармен және күрделі тапсырмалармен жұмыс істеу мүмкіндігі. Біз жас мамандарды күрделілігі әр түрлі жобаларға тарта отырып, барлық қызметкерлерді кәсіби оқытуда қолдау көрсетеміз.
Халықаралық командаға қосылыңыз
Біздегі Жастар саясаты бүкіл әлемдегі талантты мамандармен тығыз ынтымақтастықты көздейді, оларға заңгерлік қызмет саласындағы мансапты бастауға көмектеседі. Біздің фирма жас түлектен тәжірибелі заңгер, тіпті серіктес деңгейіне жеткен жас мамандардың мәртебелі мансап тарихына бай.
GRATA International Жастар саясатына персоналды басқару жүйесінің қозғаушы күші ретінде ерекше көңіл бөледі. GRATA International-дың жас заңгерлері ашық-жарқын, өр мінезді, еңбекқор және техникалық тұрғыдан сауатты.
Біз талантты жас заңгерлерді біздің фирмаға қосылуға және бізбен бірге табыстың жаңа тарихын жасауға шақырамыз. Біз өсуге ұмтылатын, мақсаттары биік, мықты академиялық білімі мен кәсіпкерлік ойлау қабілеті бар мамандарды іздейміз.
GRATA International-да біз сізге Еуропа мен Азияның ірі компанияларының өкілі болып табылатын жергілікті және халықаралық клиенттердің кейбір ірі және күрделі жобаларымен жұмыс істейтін бірінші дәрежелі кәсіпқойлар командасына қосылуды ұсынамыз.
Біз студенттер мен жас мамандарға не ұсына аламыз: