GRATA International - бұрынғы КСРО және Шығыс Еуропа елдерінде жобаларға қызмет көрсетуге арналған қарқынды дамып келе жатқан халықаралық заң фирмасы: аймақтың кеңселер желісімен толық қамтылуы, трансшекаралық жобаларды жүргізуді оқып-үйренген жоғары кәсіби команданың болуы. Компанияның беделі мен тәжірибесі трансұлттық клиенттердің оң пікірлерімен және жетекші халықаралық рейтингтермен расталған.
Бірыңғай жүйе мен платформада жұмыс істейтін кеңселердің кең желісі клиенттер үшін үлкен ыңғайлылық тудырады. Өз клиенттерінің әрқайсысы үшін кез-келген кеңсе "one stop shop" рөлін атқара алады және басқа қалалар мен елдерде қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда, күрделі міндеттерді шешу үшін тиісті тәжірибесі бар түрлі кеңселерден командалар құрылады. Қызмет көрсету сапасы осы процесті ұйымдастырудың нақты жүйесімен қамтамасыз етіледі.


